15 нау, 2024 сағат 11:50

Ата-ана рұқсат бермесе ораза ұстауға бола ма?


Қасиетті айлардың бірі әрі бірегейі - Рамазан айы келіп жетті. Балаға ата-анасы рұқсат бермесе ораза ұстауға бола ма? Бұл сұраққа ҚМДБ мамандары жауап берген екен.

"Рамазан айында ораза тұту – әрбір ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына жеткен ер мен әйел мұсылманға парыз. Оразаның парыз екендігін ата-анасына дін маманы арқылы түсіндіргені дұрыс. Ал әке-шеше баланың денсаулығына алаңдап жатқан болса, сенімді дәрігерлермен ақылдасқандары жөн", - делінген хабарламада.


Балиғат жасына жетпеген жас бала мен ақыл-есінен ауысқан адамға ораза тұту парыз емес. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді:

"Үш адамнан (амал дәптерін жазатын) қалам көтерілді: айыққанға дейін жынданған адамнан, оянғанга дейін ұйқыдағы адамнан, балиғатқа толғанға дейін баладан".

Балиғат жасы ер балалар үшін 13 жас болса, қыз балалар үшін 10-11 жас аралығы.

Оқи отырыңыз:

ОРАЗА-2024: ҚАЛАЛАР БОЙЫНША ТОЛЫҚ КЕСТЕ