17 нау, 2026 сағат 11:35

Атырауда 62 жастағы ер адам әйелін пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді

Фото: Ашық дереккөз

Атырауда зейнет жасына таяп қалған ер адам әйелін пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді. Күдікті қамауға алынған, деп хабарлайды Ult.kz "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Қайтыс болған әйел қаладағы мектептердің бірінде мұғалім болған. Әріптестерінің айтуынша, марқұм бұған дейін отбасындағы қиындықтар, жолдасының озбырлығы туралы құзырлы органдарға шағымданыпты. 62 жастағы тұрғын бірден қамауға алынған.

"Аталған дерек бойынша "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 62 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіне сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді", - деп пікір білдірді Атырау облысыПД ресми өкілі Мейірім Ердәулет.