04 қар, 2022 сағат 13:51

Әуесбаев: Маған қарсы шыққан кез келген тұлғамен дебатта кездесуге дайынмын

Фото: ашық дереккөз

Оппозициялық партия кандидаты Нұрлан Әуесбаев ОСК-дан пікірсайыс өткізуді талап етті. Ол өз талабын Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Мен - Нұрлан Әуесбаев, ЖСДП партиясынан президенттікке үміткермін.

Жақында "Ауыл" партиясынан президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев мені ашық дебатқа шақырыпты.

Мен ешкімнен де қорықпаймын! Маған қарсы шыққан кез келген тұлғамен дебатта кездесуге дайынмын!

Орталық сайлау комиссиясынан келесі аптада халықтық коалиция өкілімен республикалық деңгейде дебат өткізуді талап етемін", - делінген жазбада.