01 жел, 2025 сағат 12:07

"Азғырғандар көп болды": "Қойшы бала" Жігер Ауыпбаев туралы сырын айтты


Фото: Ulysmedia

"Қойшы бала" лақап атымен белгілі әнші Айдос Кәден алғаш рет бұрынғы продюсері Жігер Ауыпбаевпен ара-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды Ult.kz.

Ол өзінің және Жігер Ауыпбаевтың да жаман ниеті жоқ екенін айтып, екеуінің ара-қатынасының бұзылуына басқалардың да әсері болғанын жеткізді.

"Ол кісіден алыстауыма азғырғандар көп болды. Онысын ашып айтпай-ақ қояйын арасында өнердегі адамдар да, өз туыстарым да бар. Туыстарымнан бөлек, от салып, араға іріткі түсіргендер жетерлік. Бұрын ондай сынақтан өтіп көрмеппін, бірінші рет сүріндім. Сол үшін өзіме ренжимін", – деді Қойшы бала Kezdesu YouTube жобасына берген сұхбатында.


Ол қатесін түсінгенімен, Ауыпбаев өзіне әлі де ренжіп жүр деп есептегендіктен кешірім сұрауға батылы бармай жүргенін айтты.

"Неге екенін түсінбеймін. Қазір де ол кісі ренжулі шығар… Бірақ бара алмаймын. Ниеттенемін, соған жүрегім бармайды. Бұл Жігер ағайды жек көргеннен емес", – деді Айдос Кәден.