24 қаң, 2024 сағат 14:34

Бас дәрігердің орынбасары мен есепші 750 млн теңгені ұрлады

© Photo: Pexels / Tima Miroshnichenko

Жамбыл облысында бас дәрігердің орынбасары мен бұрынғы есепші ұсталды, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қалалық көпбейінді аурухана Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына қарайды.

“Залал сомасы 758 млн теңгеден асады. Соттың санкциясымен күдіктілер, аурухана бас дәрігерінің орынбасары және бұрынғы бас есепші қамауға алынды”, - деді агенттіктің ресми өкілі Арман Тілеукенов бүгінгі брифингте.

Сотқа дейінгі тергеу шаралары жалғасып жатыр.