11 қаз, 2022 сағат 18:27

Басты міндетіміз – мемлекеттігімізді сыйлату


Қазақ халқы тағдырдың талай тауқыметін мойымай көтеріп, бастан кешті. 30 жылдың ішінде еліміздің өсіп-өркендеуіне, әлемге танылуына қаншама игілікті істер атқарылды. Алайда бүгінгі әлемдегі жаһандық саяси оқиғалар мен экономикалық ахуал – халқымыздың алдында тұрған үлкен сынақ. Соның бірі – елімізге ресейліктердің келуі. 

Біз Ресеймен тарихымызда тығыз жане ұзақ мерзім қатынаста болған халықпыз. Әлі де бола бермекпіз. Ендігі катынаста тарихи тәжірибеге сүйенуге міндеттіміз. Тарихи тәжірибе – бұл мәселеде абай болуды талап етеді. Екі ел арасындағы шиеліністен, өзара қалыптасқан жағдайды ескеріп, біздің елге келген босқындарды қабалдайық. Бірақ бұл шаруаны қатал түрде, зандық негізге негіздеп қою кажет. Осы мәселеде жалпақшешейлікке салынбай, біріншіден, кімнің келгенін, екіншіден, біздің елде қанша уақыт болатыны секілді әртүрлі мәселелерді қадағалаған жөн. Сондай-ақ, мәселе парламентте мамандардың қатысуымен талқыланып, зандық сипат алуы дұрыс. Осы талқылаудың қандай шешіммен аякталғанынан халық хабардар болуға тиісті.

Осының бәрін білікті басшы жүйелеп, орындалуын қадағалау керек. Алда Президенттік сайлау келе жатыр. Бұл мәселеде халықтың пікіріне құлақ асқан жөн. Әділетті әрі ашық болады деп үміттенеміз. Қай-қайсымыз болсақ та, басты міндетіміз – мемлекеттігімізді сыйлату. Сый-құрмет бар жерде, ырыс та, береке де болады.