03 ақп, 2026 сағат 15:54

Баталов Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды


Фото: ашық дереккөз


"Атамекен" кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Райымбек Баталов Президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ult.kz.


Қазақстан Президенті штаттан тыс кеңесші қызметіне Райымбек Баталовты тағайындады. Ол кәсіпкерлікті дамыту мәселелерімен айналысады. Бұл ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі растады.


Еске сала кетейік, бұған дейін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының XIII Съезінде жаңа президиум төрағасы сайланып, Баталовтың орнына президенттің экс-көмекшісі Қанат Шарлапаев келген.