09 қаз, 2023 сағат 12:53

Бірқатар өңірде 5 градусқа дейін аяз болады - синоптиктер

Фото: wirestock/Freepik

Синоптиктер 10-12 қазанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Метеорологтар мәліметінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде барикалық алқаптардың тез өзгеруі күтіліп отыр. Жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады) түседі, оңтүстікте жаңбыр жауып, жел күшейеді.

"Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнгі және таңғы уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.

Батыс өңірлердегі ауа температурасы түнде 5 градус аяз - 7 градус жылыға дейін, күндіз 5-18 градус жылыға дейін, солтүстік-батыс, солтүстік және орталықта түнде 5 градус аяз - 5 градус жылыға дейін, күндіз 5-13 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі" - делінген хабарламада.