16 там, 2016 сағат 13:22

Біз болсақ, Левитке чемпиондық атақтан бөлек, Вэл Баркер Кубогын беруді талап етер едік - Қытай журналисі

Біз болсақ, Левитке чемпиондық атықтың сыртында Вэл Баркер кубогын беруді талап етер едік. Бұл туралы бүгін Василий Левиттің жекпе-жегінен кейін қытай тілшісі айтып өтті, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз болсақ, Левитке чемпиондық атықтың сыртында Вэл Баркер кубогын беруді талап етер едік. Ол бүгін өте керемет бокс кешін сыйлады. Ол жеңілген жоқ. Қарсыласы ресейлік боксшыны таза ұтты. Техникалық жағынан да өте керемет өнер көрсетті. Жалпы Левит қана емес, барлық қазақ боксшылары өте керемет. Мен өз басым қазақ елінің боксшыларына өте разымын», - деп атап өтті өзін Хуь Эн деп деп таныстырған қытайлық тілші.

Сондай-ақ, қазақ боксшыларына деген алғысын айтып өтті ол.

«Мен спортшы емеспін. Алайда, спорт тілшісімін. Көп нәрсені білемін. Жалпы спортты өте жақсы түсінем. Сондықтан, Левитті төрешілер тізеден ұрғанын көрдім. Оған обал болды. Алтын мен күмістің салмағы бөлек. Сол үшін қазақ боксшысын аяимын. Егер Левит біздің бала болса, мен чемпиондық атақтан бөлек Вэл Баркер Кубогын қоса беруді АИБА-дан талап етер едім. Рингке барып жатып алар едім едім. Сіздерді түсінбедім. Левит те күмісіне қанағат тұтып жүр. Негізі, олай болмауы керек еді», - деп атап өтті қытайлық журналист.