02 мау, 2022 сағат 03:18

Біз ғылымға шынайы берілген азаматтарды ғана қолдауымыз қажет - Тоқаев


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессияда сөйлеген сөзі.

Құрметті Ғылым Академиясының Президенті!

Құрметті ғалымдар!

Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығы құтты болсын! Бұл, шын мәнінде, еліміз үшін мән-маңызы айрықша оқиға. Өйткені, дамудың бірден-бір жолы – ғылым. Адамзат жетістіктің бәріне білімнің арқасында жеткен. Қарапайым заттардан бастап, күрделі ой-тұжырымдарға дейін, барлығы да – ғылымның жемісі. Шын мәнінде, ілім-білім арқылы бүкіл жаратылысты терең танып білеміз. Таным көкжиегін кеңейтіп, жаңа белестерге шығамыз. Ғылымның ең басты миссиясы – осы.

Ұлы далада өркендеген ғылымның тамыры тым тереңде жатыр. «Адамзаттың екінші ұстазы» – Әл-Фарабидің ғылыми мұрасы – соның айқын көрінісі. Көне заманнан бастау алған ілім жолы ешқашан үзілген емес.Соның ішінде өткен ғасырда қазақ ғылымы ерекше қарқынмен дамыды.

Ұлттық ғылым академиясының тарихы Қазақстан ғалымдарының әлеуеті қаншалықты зор екенін аңғартады. Бұл ұйым құрылған кезден бастап  қоғамдық дамудың көш басында болды.  

Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Әбікен Бектұров, Ахмет Жұбанов, Әлкей Марғұлан, Шахмардан Есенов, Өмірзақ Сұлтанғазин, Мұрат Айтқожин, Әбдуәли Қайдаров және басқа да көптеген көрнекті тұлғалардың есімі Қазақстан тарихына алтын әріппен жазылды. Олардың әрқайсысы өз саласының асқар шыңын бағындырды. Қазба байлығымызды игеруге, өндірісті өркендетіп, экономиканы дамытуға, елді рухани жаңғыртуға өлшеусіз үлес қосты. Біз халқымыздың біртуар перзенттерінің еңбегін әрдайым жадымызда сақтаймыз. Өскелең ұрпақ оларды үлгі-өнеге тұтады. Бүгінде жас ғалымдарымыз сол алыптардың ізін басып, жолын жалғап келеді. Дегенмен бір мәселені қаперде ұстау керек. Өмір бір орында тұрған жоқ. Күн санап өзгеріп жатқан қазіргі заманда бұрынғы жетістіктерге марқайып отыруға болмайды. Әлеуетімізді арттырып, үздіксіз алға басу үшін әрдайым іздену керек. Биік мақсат қойып, жаңашылдыққа ұмтылып, жұмыстың тиімділігін арттыру қажет.

Адамзат тарихы дегеніміз – тың идеялар мен технологиялық табыстардың тарихы. 21 ғасырда мемлекеттің қуаты ғылыми-техникалық жетістіктермен өлшенеді. Халықаралық аренадағы ықпалы да осыған байланысты екені анық. Сол себепті, көптеген елдер ғылымға жүйелі қолдау көрсетуді өзінің басты міндеті деп санайды. 

Соңғы 20 жылда тың зерттеулер мен жобаларға жұмсалатын қаражат әлемдік Ішкі жалпы өнімнен әлдеқайда жылдам өсуде. Бұл үрдіс жылдан жылға қарқын алып келеді.

Ғылым мен технологияны, инновацияны дамыту – еліміздің бәсекеге қабілетін  арттыратын негізгі саланың бірі. Біз отандық ғылымның басымдықтарын халықаралық талаптарға және ұлттық мүддемізге сәйкес айқындаймыз. Бүгінгі басқосуда осы саланың мәселелері туралы ашық пікір алмасамыз деп ойлаймын.

Соңғы жылдары ғылым жүйесінде едәуір өзгерістер болып жатқаны баршаңызға мәлім. Бұл саланы тежеп отырған түйткілдерді шешу үшін нақты жұмыс атқарылып жатыр. Өткен аптада Ғылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды. Қазір елімізде 22 мыңнан астам ғалым бар. Бұл – осыдан 30 жыл бұрынғы ахуалмен салыстырғанда көп емес. Жалақының аз және тұрақсыз болуы осы саладағы кадрлық әлеуеттің күрт төмендеуіне әкеп соқты. Іргелі ғылымдармен айналысатын институттардың жағдайы өте ауыр болды.

Біз алдымызға ғалымдардың санын көбейту, ғылыми эко жүйені нығайту сияқты мақсаттар қойып отырмыз. Сондай-ақ, ғылыми жаңалықтардың коммерциялық тиімділігін арттыру және ғылымды басқару жүйесін жетілдіру басты назарда болады. 

Ученые в течение многих лет поднимали эту проблему. Она в значительной степени была решена благодаря изменениям в Закон о науке, внесенным по моему поручению. В Законе был введен новый вид финансирования научных институтов, осуществляющих фундаментальные исследования. Этот шаг позволил обеспечить бесперебойную деятельность целого ряда научных институтов.

В базовое финансирование включена оплата труда ведущих ученых. В результате принятых мер средняя заработная плата научных сотрудников повысилась на 70%. Пересмотрен подход к программно-целевому финансированию науки. Теперь государство формулирует четкие задачи для науки, а институты получают финансирование для их решения. Увеличены сроки финансирования исследований с трех до пяти лет. Конкурсы проводятся ежегодно. В целом, за последние три года государственное финансирование науки возросло на 70%.

Изменен формат работы национальных научных советов. Их состав обновлен на 85% на основе объективных наукометрических показателей ученых. Заседания советов проходят в режиме онлайн, внедрен институт апелляции их решений. Усилена комплексная поддержка молодых ученых. Последовательно увеличивается количество грантов для обучения по программам докторантуры. Повышена стипендия докторантов. Введены специальные гранты для постдокторантов. Как итог, круг молодых ученых страны за последние два года расширился более чем на одну тысячу человек. В целях повышения квалификации ученых в мировых научных центрах выделяются гранты для прохождения стажировок.  

Реализуются востребованные проекты по коммерциализации результатов научной и научно-технической деятельности. Возросло количество и качество научных публикаций казахстанских ученых. В академической среде и в системе вузов сформировался целый ряд сильных научных школ. Они формируются как в академической среде, так и в системе вузов. Для оснащения институтов открылась новая бюджетная программа. С 2020 года началась техническая модернизация научных организаций. И все это лишь часть результатов работы, которую государство проводит для системного развития науки и поддержки ученых. 

Это направление мы будем последовательно усиливать. Проблемных вопросов в отечественной науке все еще достаточно. Для их поэтапного решения необходимо сосредоточиться на следующих приоритетах.

БІРІНШІ. Академияның мәртебесін өзгерту

Бізде оның құқықтық мәртебесі анық болмаған. Сол себепті, бұл құрылым 20 жыл бойы ғылымды басқару ісінен тыс қалды. Қазір Академия Ғылым туралы ұлттық баяндама әзірлеумен ғана шектеліп отыр. Сондай-ақ, салалық журналдар шығарады. Бар болғаны – осы. Шын мәнінде, оның әлеуеті және мүмкіндігі әлдеқайда зор екені түсінікті. Бүгінгі ахуалына қарап, Академияның болашағы бұлыңғыр деп санайтындар, өкінішке қарай, аз емес. Тіпті, академиктердің өздері де оған күмәнмен қарайды.

Әлемдік тәжірибеге көз салсақ, мұндай құрылымдар екі түрлі үлгіде болады. Оларға мемлекеттік мәртебе беріледі немесе тәуелсіз коммерциялық емес ұйым ретінде жұмыс жүргізеді.  

Біз түрлі жағдайға байланысты бір кезде өзгеше жолды таңдауға мәжбүр болдық. Ұлттық ғылым академиясы көптеген қоғамдық ұйымның қатарына қосылып кетті. Салдары қандай болғанын қазір көріп отырмыз. Дегенмен, оның кадрлық және институттық әлеуеті әлі де жоғары. Іргелі жоғары оқу орындарымен байланысы үзілген жоқ. Осының бәрін ескере отырып, Академияның мәртебесін көтеру керек деп санаймын. Бұл құрылым ғылыми ой-тұжырым орталығына айналуға тиіс. Сондай-ақ, сараптама жасайтын беделді мекеме болуы керек.

Қара шаңырақтың рөлін арттыру аса маңызды. Сондықтан оған мемлекеттік мәртебе береміз және бюджет есебінен қаржыландырамыз. Оның қазір атқарып отырған қызметінен басқа да міндеттерін нақты белгілеу қажет. Атап айтқанда, ғылыми басымдықтарды дәл осы құрылым айқындауы керек. Арнаулы гранттар, стипендиялар және сыйлықтар тағайындау құзыреті де Академияға берілгені жөн. Осы ретте, ғылымға адалдық мәселесіне баса назар аударғым келеді.

Қазір қоғамда құр атақ үшін ғылыми дәреже алғысы келетіндердің бар екені жасырын емес. Бұл жағымсыз үрдіске айналып барады. Олар, шын мәнінде, ғылыми атаққа ие болғанымен, ғылым жолын жалғастырмайды. Соның кесірінен мемлекеттің қаншама қаражаты босқа кетеді. Бұған біржола тосқауыл қоятын кез келді.

Біз ғылымға шынайы берілген азаматтарды ғана қолдауымыз қажет. Оның жолдарын жан-жақты ойластырған жөн. Сондай-ақ форсайт-зерттеулер, яғни қоғамдық маңызы зор  ғылыми жұмыстар жүргізуге, ғалымдардың біліктілігін арттыруға баса назар аударылуға тиіс. Халықаралық ынтымақтастықты нығайту да оның басты міндетінің бірі болуы қажет. Бұл мекеменің қызметін қазіргі заманғы талаптарға сәйкестендіріп, түбегейлі өзгертуіміз керек. Академияның құрамына беделді, болашағы зор ғалымдарды қосқан абзал. Сонымен бірге нағыз ғалымдарды,  яғни ғылымға адал қызмет ететін тұлғаларды Академияның мүшелігіне қатаң бәсеке арқылы қабылдау керек.

Академиктер барынша ашық әрі әділ сайлануы қажет. Жұрт ұйымға мүше болу рәсімдерін және оған үміткерлерді толығымен біліп отыруға тиіс. Бұл – өте маңызды міндет. Себебі, Академияның жоғары мәртебесі, қасиетті ғылым ордасының қоғамдағы орны осыған тығыз байланысты. Қарапайым тілмен айтқанда, Академияны мансап қуып, ғылымға кездейсоқ келген адамдардан сақтау керек. Ғылыми қызметпен тікелей айналысатын академиктерге өмір бойы ай сайын стипендия беру мәселесі шешіледі.  Үкіметке тиісті тапсырмамды бердім. Мұның бәрі Академияның жұмысына тың серпін беріп, беделін арттырады. Сондай-ақ еліміздегі ғылым саласының тұрақты дамуына жол ашады.  

Тағы бір маңызды мәселе. Бұл – Академия ғимаратының жөндеу жұмыстары. Осы мәселе бойынша мен Үкіметке және әкімдікке тапсырмамды бердім. Отандық меценаттар және демеушілер өз үлесін қосады деп ойлаймын. Бір жарым жыл ішінде бұл жұмысты толығымен бітіру керек.           

ВТОРОЕ. Укрепление университетской науки

За годы Независимости у нас сформировалась научная инфраструктура в виде научно-исследовательских институтов, национальных и вузовских научных центров. При этом, как показывает практика, большинство отечественных научных исследований проводится именно в наших крупных вузах. Поэтому предлагаю рассмотреть вопрос консолидации государственных НИИ в рамках исследовательских университетов.

Для внедрения мировых стандартов в образовательный процесс в Казахстане начали открываться филиалы зарубежных вузов. В нашей стране начал действовать филиал британского Университета Де Монфорт Лестер. Осуществляется передача Университета имени академика Манаша Козыбаева в доверительное управление Университету Аризоны. Проводится работа по открытию филиалов МИФИ в Алматы и РГУ имени Губкина в Атырау.

Для повышения конкурентоспособности вузов на базе 20 высших учебных заведений запускаются Центры академического превосходства. Мною поручено продолжать эту работу.  Их деятельность сфокусирована на обеспечении регионов необходимыми кадрами, создании современных учебных и научных лабораторий. 

Однако в целом уровень развития инфраструктуры для коммерциализации научных разработок с получением востребованных технологий все еще остается критически низким. В западных странах при университетах функционируют технопарки, в рамках которых работают различные инновационные стартапы и технологические компании. Консолидация системы образования с отдельными научными центрами и технопарками в зависимости от их потенциала позволит сформировать сильные исследовательские университеты. В этой связи поручаю запустить программу поддержки научно-технологических парков при вузах с выделением целевых грантов на развитие научных лабораторий и опытно-испытательной инфраструктуры.

Исследовательские вузы – это не веяние моды в образовании, а основа для построения инновационной экономики Казахстана. Ранее я высказывался о необходимости создания технических вузов на западе страны. Абсолютно убежден в правильности этого шага. Они станут важным элементом подготовки кадров для высокотехнологичных отраслей промышленности. 

Однако нельзя забывать об уже действующих технических вузах, в частности, об университете, который носит имя Каныша Сатпаева. Это единственный национальный исследовательский технический университет, флагман технического образования Казахстана. Поэтому он должен стать научно-производственной базой для новых технических вузов. Необходимо утвердить программу развития главного технического университета страны и создать на его базе научно-исследовательский хаб новых технологий в инженерном образовании и науке.

ТРЕТЬЕ. Cовершенствование системы поддержки НИОКР

В целях достижения уровня финансирования науки, сопоставимого с развитыми странами, необходимо стимулировать частные инвестиции в НИОКР. Наряду с государственным бюджетом, средствами недропользователей и национальных компаний ключевым источником финансирования науки должны выступить крупный частный сектор – индустриальные корпорации и другие организации.

При Фонде «Самрук-Казына» создан Центр научно-технологических инициатив. В его задачи входит системное сотрудничество с научным сообществом для внедрения научных разработок в производство.  Проводится работа по обеспечению прозрачности отчислений и распределений средств недропользователей в размере 1% от затрат на добычу полезных ископаемых, выделяемых на НИОКР. Считаю, что настало время для предоставления более широких налоговых и инвестиционных преференций для частных инвестиций в НИОКР и создание новых научных центров. Кроме того, необходимо вовлечение в научно-исследовательскую деятельность местных исполнительных органов, которые могли бы тоже финансировать НИОКР. Наука на местах должна быть преимущественно направлена на решение тех проблем, которые стоят в центре внимания экономики регионов.

ТӨРТІНШІ. Ұзақ мерзімді ғылыми-технологиялық дамуды тиімді жоспарлау

Біз Қазақстанды жаңғыртамыз десек, бұл мәселені қалайда шешуіміз қажет. Ғылыми зерттеулер мен технологиялық жобалар өз саласының қажетін өтеуі керек. Сонда ғана инновациялық даму мақсаттарына қол жеткізе аламыз. 2013 жылы мұнай-газ өндіру саласында кешенді жұмыс атқарылды. Оны ғылыми-технологиялық жағынан дамытудың жол картасы жасалды. Мұндай жұмыс барлық салада жүргізілуге тиіс. Мысалы, Оңтүстік Корея мен Жапонияда осы жұмысты арнаулы институттар атқарады. Олар ғылымды және технологияларды жоспарлаумен, бағалаумен айналысады, ғылыми-техникалық ақпаратты талдайды. Сондай-ақ, тың зерттеулер жүргізіп, технологияны дамыту ісін үйлестіреді. Қазақстанға да осындай міндеттерді атқаратын орталық қажет. Сондықтан бұрынғы Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығын қайта ашу керек деп санаймын.

Ғылыми қызметті тиімді басқару және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу – маңызды міндеттің бірі. Сол себепті, осы саладағы барлық үдерісті тезірек  цифрландыру керек. IT саласындағы соңғы жетістіктерді пайдаланып, Қазақстан ғылымының бірыңғай экожүйесін қалыптастыруға тиіспіз.

Кроме того, считаю, что нам необходимо создать Национальную систему цитирования, которая позволит в значительной степени повысить качество научно-исследовательских работ. Этот шаг потребует укрепления потенциала казахстанских научных журналов. Полагаю, что в целях усиления координации научной деятельности в стране следовало бы разделить профильное министерство на два ведомства, одно из которых будет заниматься вопросами высшего образования и науки.

В целом, все указанные мной решения направлены на комплексное развитие казахстанской науки, повышение ее конкурентоспособности и вклада в устойчивый социально-экономический прогресс страны.

Құрметті сессияға қатысушылар!

Біз ғылымның ұлттық экономикаға қосатын үлесін көбейтуіміз керек. Сонымен бірге, әлемдік ғылыми кеңістікпен ықпалдастықты күшейткен жөн. Ғалымдар еліміздің рухани дамуына да баса мән бергені дұрыс. Әсіресе, жастардың отаншылдық рухын күшейту керек. Қазір әлеуметтік желіде мемлекеттік туды қадірлеу туралы көптеген ой-пікірлер айтылуда. Өкінішке қарай, қасиетті Көк туымызға байланысты орын алған жағымсыз жағдайлар азаймай тұр. Сондықтан байрағымызды пайдалану тәртібін қайта қарау керек деп ойлаймын. Қажет болса, тиісті заңдарға өзгертулер енгізуге болады. Өйткені, көк туымыз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы. «Туған жерге туыңды тік» деп халқымыз бекер айтпаған. Біз – туын әрқашан биік ұстаған елміз. Осы ретте, Қаныш Сәтбаевтың бір ойы өзекті болып отырған сияқты: «Өз елінің қара тасын мақтан ете алмаған, өзге жердің алтынын да мақтап жарытпақ емес». Мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеу – әр азаматтың перзенттік парызы. Осыны өскелең ұрпақтың санасына сіңіретін ең әуелі – сіздер, яғни зиялы қауым. 

Қазір еліміз түбегейлі және жан-жақты өзгеру жолына түсті. Мен саяси жаңғырудың ауқымды бағдарламасын ұсындым. Бірнеше күннен кейін Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша референдум өтеді. Бұл – болашағымызды айқындайтын жауапты сәт.

В Казахстане общенациональный референдум по изменениям Конституции пройдет впервые. Это событие станет важным шагом на пути укрепления демократических традиций в нашей стране.

Граждане нашей страны в целом понимают значимость конституционных преобразований.

К референдуму проявляется большой интерес в нашем обществе. И за рубежом тоже. Это говорит о широком социальном запросе на общественно-политические перемены и вере людей в реальность предстоящих изменений. Это закономерно, поскольку реформы проводятся в интересах всего общества, а не для увеличения привилегий отдельных лиц, в том числе Президента.

Мне внутри страны и за рубежом задают вопрос, собирается ли действующий Глава государства через референдум продлить сроки своих полномочий или, как сейчас принято говорить, обнулиться. Отвечаю: таких намерений не было и не будет.  

Представленная программа политической модернизации очень масштабная по своему содержанию. Но основной фокус сделан на укреплении системы защиты прав и свобод человека, расширении участия граждан в управлении государством, повышении транспарентности и эффективности властных институтов.  

Комплексная трансформация страны ведет к объективному росту политической активности граждан, которая зачастую сопровождается усилением популизма и преднамеренными спекуляциями на социальных ожиданиях. Мы видим значительный рост провокаций со стороны известных персонажей. Надо понимать: построение развитого демократического общества – это последовательная и системная работа, а не использование громких лозунгов и обещание сиюминутных результатов.

В нашей стране должна укорениться культура высокой политической ответственности. Именно такая культура выступает главным фактором в противодействии радикализму и популизму в политической сфере. Чего, к сожалению, у нас сейчас в избытке.  Здесь многое зависит от зрелости общества, сознательности и созидательного участия всех граждан, потому что демократия – это ежедневный кропотливый труд каждого из нас. Данный постулат нуждается в постоянном и доходчивом разъяснении среди граждан, особенно среди молодежи. И роль научного сообщества здесь велика.

Общереспубликанский референдум станет важной точкой отсчета в построении Нового Справедливого Казахстана. Чтобы воплотить эту идею в жизнь, нам нужно перезагрузить всю систему общественных и индивидуальных ценностей, в центре которых будут трудолюбие и культ знаний, прагматизм и предприимчивость. Эта масштабная задача непосильна лишь для одного государства.

Изменить мировосприятие, перенастроить социальные ожидания с иждивенчества на креатив, трудолюбие, сгенерировать новые идеалы и смыслы может только само общество, то есть каждый из нас. Поэтому успех начатых преобразований напрямую зависит от того, насколько все граждане вовлечены в их реализацию. Только вместе мы сможем обеспечить реальную модернизацию и поступательное развитие страны. Хочу подчеркнуть, предстоящий референдум – это не конечная стадия политической трансформации страны, а, по сути, ее начало.

Работа только начинается, поскольку сама жизнь и потребности граждан неизбежно поставят перед нами новые задачи. Мы должны исходить из того, что в политической сфере шоковая терапия неуместна. В сложнейших геополитических условиях она может привести к разрушительным последствиям, деградации и даже утрате государственности. Нам надо идти по этому тернистому пути осмысленно, уверенно, выверяя каждый шаг. «Переходя бурную реку, нужно знать, что ногой нащупываешь дно», – гласит известная восточная мудрость.

Самое главное – наше государство, общество уже делают первые шаги, и они будут далеко не последними. Реформа обязательно будет иметь продолжение. Вместе мы обязательно преодолеем все многочисленные препятствия, вместе мы построим подлинно демократическое, справедливое государство. Роль ученых, академического сообщества в этих процессах крайне важна. Во все времена титаны мысли и выдающиеся исследователи выступали в качестве передового авангарда общественного развития. Они последовательно формировали критическое мышление, противостояли невежеству и архаике, давали жесткий аргументированный отпор шарлатанам и популистам.

К сожалению, в нашей стране все еще наблюдаются явления, связанные с различными суевериями, устаревшими стереотипами и псевдонаучными представлениями. В обществе, где есть научное понимание объективных законов развития, нет места всякого рода деструктивным взглядам, там должен царить культ знаний и прогресса. Одним из главных факторов успеха в современном мире является атмосфера свободы и творчества, рождающая новые идеи. Именно в тиши научных кабинетов и во время жарких научных диспутов закладывается прочный фундамент конкурентоспособной нации.

Ғалымдар Жаңа Қазақстанды, яғни Екінші Республиканы құру ісіне белсене атсалысып, осы маңызды әрі тарихи сәтте зор жауапкершілік танытады деп сенемін.  

Алдымызда өте ауқымды әрі күрделі жұмыс күтіп тұр. Осы жаңа кезеңде Академия отандық ғылымды дамытып, елімізді өркендетуге сүбелі үлес қосатын маңызды құрылым болатынына сенемін.   

Біз қара шаңыраққа тың серпін береміз.

Академия тарихының жаңа кезеңіне жол ашамыз.

Қазақ ғылымының әлемдік өркениетке қосар үлесі көп болсын!

Баршаңызға амандық тілеймін!

Қасиетті Отанымыз – Қазақстанымыз жасай берсін! 

Құрметті қауым!

Мен бүгін бір топ ғалымдарымызды, яғни 22 тұлғаны жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы шешім қабылдадым. Олардың бәрі – өз саласының нағыз көшбасшысы атанған азаматтар. Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат ЖҰРЫНОВ бірінші дәрежелі «БАРЫС» орденімен наградталады. Ол өзінің іргелі ғылыми жұмыстарына қоса, күрделі кезеңде ғалымдардың басын біріктіріп, Академияны сақтап қалуға өлшеусіз еңбек сіңірді. Сондай-ақ, көрнекті ғалым Болат КӨМЕКОВ үшінші дәрежелі «БАРЫС» орденімен марапатталады. Ол төл тарихымызды түгендеп, көне құндылықтарды зерттеуге зор үлес қосып келеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология проблемалары ғылыми-зерттеу институтының директоры Амангелді БИСЕНБАЕВҚА «ҚҰРМЕТ» ордені тапсырылады. Белгілі ғалымның ғылыми еңбектері алыс-жақын шетелдерге кеңінен танымал. Менің Жарлығыммен басқа да бірқатар ғалымдарымыз мемлекеттік наградаға ие болды.

Құрметті ғалымдар!

Бүгінгі марапаттарыңыз құтты болсын!  

Баршаңызға ғылымға адалдықтарыңыз үшін зор ризашылық білдіремін!

Әлі талай жаңалықтар ашып, елімізді дамытуға үлес қоса беріңіздер!

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!