10 сәу, 2024 сағат 19:30

"Біз Қазақстандағы табиғи апаттан зардап шеккендер үшін дұға етеміз" - Рим Папасы


Фото:РИА Новости

Рим Папасы Франциск су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан тұрғындарына жанашырлық білдірді, деп хабарлайды Vatican News.

"Рим Папасы Франциск соңғы 70 жылдағы қардың ерте еруінен туындаған ең ауыр су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан тұрғындарына жанашырлық білдірді", - делінген сәрсенбідегі хабарламада.

Су тасқыны салдарынан 90 мыңға жуық тұрғын эвакуациялауға мәжбүр болды.

"Біз осы табиғи апаттың салдарынан зардап шеккендер үшін дұға етеміз", ‒ деді Рим Папасы.