24 сәу, 2024 сағат 11:46

Қырғызстанда Орталық Азиядағы ең үлкен стадион салынады


Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров Бішкекте Азиядағы ең үлкен стадион салынатынын мәлімдеді, деп хабарлады "Ұлт ақпарат".

Орталық Азиядағы ең ірі, бірегей футбол стадионының құрылысы басталды. Құдай қаласа, 2 жылдан кейін біз нысанның ашылу рәсімін өткіземіз, - деп жазды Садыр Жапаров Facebook-тегі парақшасында.

"Президенттің айтуынша, сәулет бөлімінде 22 маман (12 түркиялық, 10 қырғызстандық) жұмыс істейді. Бұл 45 мың көрермен сыятын Орталық Азиядағы ең ірі стадион болады. Стадион дизайнының негізі ретінде қырғыз мәдениетінің маңызды бөлігі – киіз үй феномені алынды. Жобалау әдісінің ерекшелігі – нысан формасының бірегейлігінде", - деді мемлекет басшысы.


Нысанда 3 600 көлікті қоюға болатын Орталық Азиядағы ең үлкен жабық автотұрақ болады. Нысан тек стадион рөлін атқармайды. Онда ауданы 35 мың м2 болатын сауда орталығы мен спорт дүкендері болады.