11 қар, 2022 сағат 10:33

Біздің ұрпақ соғыстан ешбір ел зардап шекпеген күнді көрмей кететін шығар - Димаш


Белгілі әнші Димаш Құдайберген Instagram-парақшасында соғысқа қатысты ойын бөлісті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Кейде өмір жайлы дұрыстап ойлану қажет. Бүгін бөлмемде отырып, халқымыздың болашағы, отбасымның келешегі туралы көп ойландым. Соғыстағы балалар туралы көп видео көрдім. Олар жерден нан үгіндісін жинап, сосын одан сорпа пісіреді екен... Жәй ғана нан мен цемент дәмі қосылған сорпа... Мен бұл видеоны асықпай ауқаттанып алғаннан кейін көріп ем... Бәріне бірдей көмектесе алмайтынымыз өкінішті", - деп жазды ол.

Әнші дүниеде осындай қиын жағдай болып жатқанына күйінеді.

"Неге көп адам аштықтан зардап шегеді? Неге адамдар соғыстарға миллиардтаған ақша жұмсайды, оның бәрін әлемдегі миллиондаған адамның өмірін сақтау үшін жұмсауға болар еді ғой. Сендерге қарғыс атқыр ақша не үшін керек? Бұл миллиардтарды бәрібір о дүниеге алып кетпейсің. Біздің ұрпақ соғыстан ешбір ел зардап шекпеген күнді көрмей кететін шығар", - деп жазған әнші.