16 мам, 2022 сағат 15:35

Болат Әбілов партия құратынын мәлімдеді


Белгілі саясаткер, бизнесмен әрі меценат Болат Әбілов мәлімдеме жасады. Алматыдағы "Тянь-Шань" қонақ үйінің залында арнайы баспасөз концеренциясын ұйымдастырған ол “Біздің таңдау” атты партия құратынын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Bizdin Tandau атты жаңа саяси партия құратынымызды мәлімдейміз. Бұл - біздің демократия, бостандық, әділет үшін жасаған таңдауымыз», - деді ол баспасөз мәслихатында.

Болат Әбілов 1957 жылдың 15 қыркүйегінде Қарағанды қаласында кеншілер отбасында дүниеге келді. 1979 жылы Қарағанды политехникалық институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары “Рахат" МП директорының орынбасары, "халықтың мәдениеті мен руханиятын қорғаудағы" республикалық ақша-заттық лотерея директоры (1990-1991) болған. "BUTYA" фирмасының бас директоры, "BUTYA" ЖАҚ президенті (1991-2000) қызметін атқарған.

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Жармахан Тұяқбайды қолдау жөніндегі сайлау науқанының жетекшісі болған.