14 там, 2016 сағат 17:53

Дариға Шәкімова екі дүркін әлем чемпионын жеңді

"Рио-де Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан қыздар арасында 75 келіге дейін салмақта ел намысын қорғап жатқан Дариға Шәкімова алғашқы кездесуінде канадалық Ариан Фортинді ұтты", - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Аса тартысты өткен кездесуде жерлесіміздің жолы болды. Төрешілер 2:1 есебімен жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

Артин Фортин екі дүркін әлем чемпионы. Ол 2006 жылы Нью-Делиде 70 келіге дейін салмақта топ жарса, 2008 жылы Қытайдың Нинбо қаласында осы жетістігін тағы қайталаған.

Ал Дариға екі дүркін Азия чемпионы.

Айта кетейік, Олимпиада ойындарында бокстан әйелдер арасында 3 салмақта 12 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстанның намысын Дариғадан бөлек Жайна Шекербекова қорғап жатыр.

Ұлт порталы