02 сәу, 2024 сағат 11:36

"Айканың тізімі": істі Антикор қарап жатыр

Фото: Ашық дереккөз


Желіде тараған "Айканың тізімі" бойынша іс Антикорға берілді, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана бойынша департаменті Қылмыстық кодекстің 423-бабы "Сотқа дейінгі іс жүргізу деректерін жария ету" бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Жүргізіліп жатқан тергеу шаралары аясында әлеуметтік желілерде жеке деректер туралы ақпараттың шығуы, сенімділігі мен таралуының мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады ІІМ.


Осыған байланысты ІІМ Өзіндік қауіпсіздік басқармасы соңғы процессуалдық шешім қабылданғанға дейін қызметтік тергеуді уақытша тоқтатқаны айтылды.