21 қаз, 2022 сағат 12:26

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?


Синоптиктер 22-24 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Болжам бойынша, 22 қазанда Солтүстік циклон жырасы Қазақстан аумағына ауысады, ол бірінші кезекте елдің солтүстік жартысына әсер етеді, салдарынан жауын-шашын жаңбыр мен қар күтіледі, тұман мен көктайғақ болады. Тек елдің оңтүстігі мен шығысында жылы ауа райы сақталады, бірақ 23 қазанда циклон жырасы шығысқа қарай жылжып, ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі. 23 қазаннан бастап батыста, 24 қазаннан бастап солтүстікте Батыс антициклон жотасы әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді деп күтіледі.

Ауа температурасы:

  • батыста түнде 5 градус аяз - 5 градус жылы, күндіз 2-12 градус жылы;
  • солтүстік, солтүстік-батыс, солтүстік-шығыста түнде 0-8 градус жылыдан 0-8 градус аязға дейін, күндіз 2-10 градус жылыдан 2 градус аяз - 5 градус жылыға дейін төмендейді;
  • республиканың орталығында түнде 2-10 градус жылыдан 0-8 градус жылыға дейін, күндіз 8-18 градус жылыдан 3 градус аяз – 5 градус жылыға дейін төмендейді;
  • еліміздің шығысында түнде 3 градус аяз - 5 градус жылыдан 0-8 градус аязға дейін, күндіз 12-20 градус жылыдан 3 градус аяз - 5 градус жылыға дейін төмендейді;
  • оңтүстік, оңтүстік-шығыста түнде 5-12 градус жылы, таулы аудандарда 0-5 градус аяздан 0-5 градус жылы, таулы аудандарда 5-10 градус аязға дейін, күндіз 20-25 градус жылы, таулы аудандарда 12-17 градус жылыдан 5-13 градус жылы, таулы аудандарда 2 градус аяз - 5 градус жылыға дейін күрт төмендеуі болжанады.