07 сәу, 2023 сағат 11:44

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

сурет ашық дереккөзден алынды

Синоптиктер 8-10 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Республиканың солтүстігінде және шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 9 сәуірде оңтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болады (жаңбыр, қар), 10 сәуірде оңтүстікте қатты жаңбыр жауады.

"Республика бойынша желдің күшеюі, тұман күтіледі; оңтүстік, батыс аймақтарда шаңды дауыл мен найзағай; солтүстікте, шығыста және орталықта – көктайғақ. Еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында түнде 3 градус үсік болады деп күтіліп отыр", - делінген хабарламада.