15 мам, 2025 сағат 12:53

Денсаулық сақтау министрлігі тұзды шектеуге шақырды: бір күнге — бір шай қасық

Фото: Pexels.com

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тұз - адам рационындағы ең көне және қажеттіөнімдердің бірі екенін атап өтіп, мөлшерінен тыс көп қолданбауға кеңес берді, деп хабарлайды Ult.kz.

Ведомство тұздың пайдасын атап өтті:

  • - Тұз ағзадағы су-тұз балансын реттейді жәнеқан қысымын қалыпты ұстайды.
  • - Жүйке импульстерінің берілуіне жәнебұлшықеттердің жиырылуына қатысады.
  • - Тұз құрамындағы натрий жүрек пен мидыңжұмысына қажет.
  • - Йодталған тұз қалқанша безінің ауруларыныңалдын алуға көмектеседі.

Және мынадай зиянын ескертті:

  • - Артық тұз қан қысымын жоғарылатады.
  • - Ісінуді тудырып, бүйрек пен жүрекке күштүсіруі мүмкін.
  • - Инсульт, инфаркт және остеопороз қаупінарттырады.
  • - Көбінесе дайын өнімдерде (шұжық, ірімшік, тұздықтар) жасырылады және біз нормаданқалай асып кететінімізді байқамаймыз.
"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) күніне тұзды 5 г-нан асырмауды ұсынады – бұл, шамамен, бір шай қасық тұз".


Денсаулық сақтау министрлігі кеңес береді:

  • - Тамаққа тұзды көп салмай, тұздыдәмдеуіштермен алмастыруға тырысыңыз.
  • - Қаптамадағы  өнімнің құрамын оқыңыз – тұзмөлшеріне назар салыңыз.
  • - Егер созылмалы аурулар болса – тұзтұтынуды бақылау өте маңызды.
"Егер сіз тұзды бақылауда ұстасаңыз, тұз - жау емес. Барлығы тепе-теңдікке байланысты", - дейді ведомство.