28 жел, 2022 сағат 17:48

Димаш "Болашақ" стипендиясымен қайда оқиды?

Фото: ҚазАқпарат

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясы бойынша қайда оқитыны белгілі болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Халықаралық бағдарламалар орталығының" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Димаш Лос-Анджелестегі New York Film Academy-да "Режиссура" мамандығы бойынша тағылымдамадан өтпек.

Айта кетейік, қазақстандық режиссер әрі клипмейкер Айсұлтан Сейітов та сол оқу орнында білім алған.

Еске салайық, 2022 жылдың үшінші легінде шәкіртақы 178 қазақстандыққа берілген. Оның ішінде 78 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының магистратурасына, 6 адам докторантурасына түсті. 110 стипендиат "Тағылымдама" бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырады.