Фото: ашық дереккөз
Аңызға айналған Джеки Чанның әйгілі франшизасы жаңа серпінмен оралады. «Доспехи Бога: Ультиматум» фильмінің режиссері ретінде әлемге әйгілі экшен қоюшысы Роберт Кун таңдалды.
"Кун — Disney, Paramount, Universal, 20th Century Fox сияқты ірі студиялармен жұмыс істеген тәжірибелі маман. Ол «Особо опасен», «Он — дракон», «Президент Линкольн: Охотник на вампиров», «Майор Гром: Игра» және тағы басқа танымал фильмдердің шайқас пен трюктарға толы сахналарын қойған", - делінген Salem.entertainment компания хабарламасында.
Фильмнің түсірілімі 2026 жылдың көктемінде басталады.
