03 мау, 2021 сағат 20:02

eGov mobile қосымшасында Ashyq белгішесі пайда болды


Елдегі коронавирстық жағдайға байланысты Ashyq eGov mobile қосымшасында қолжетімді болды. Әсіресе, кәсіп саласында міндеттеліп жатқан бұл бағдарлама QR-кодты сканерлеу арқылы да қызмет етіп жатыр, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат». 

Ashyq қосымшасы бизнеске карантиндік шаралар кезінде өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік беру мақсатында құрылған. Екі жылдан бері карантиндік жағдайда шағын кәсібін дөңгелетіп отырған Жеңіс Дәулетұлы бұл қосымшаның пайдасы туралы айтып берді.

«Ресторан ісі өлмейтін кәсіп түрі деп сеніммен айта аламын. Себебі карантин жағдайында дәмханалар жабық болғанымен, үйге жеткізу қызметі істеп тұрды. Менің дәмханам да солай қызмет етті. Адамдар ұзақ уақыт үйде отырып жалықты. Ондайда баратын жер жоқ, карантин талаптарын сақтау керек. Ресторан-дәмханалардың тамағына үйге тапсырыс беру артты. Бұл біздің кәсіптің тағы бір қырын ашып, мол мүмкіндік берді деуге болады. Ал ел іші тынышталғанда дәмханамыз қайта ашылды. Дегенмен коронавирус жоқ деген сөз емес. Ashyq қосымшасы арқылы біз өзімізді де, қызметкерлерімізді де, келушілер мен отбасымызды да сақтай аламыз», - деді кәсіпкер. 

Сонымен ел азаматтарына кафе, кинотеатрлар, фитнес-клубтар және басқа да қоғамдық орындарға кіру үшін eGov mobile қосымшасының басты бетіндегі Ashyq белгішесін шертіп, мекемеге кіре берістегі QR-кодты сканерлеп, мәртебесін көрсету жеткілікті.

Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин ҚР ОКҚ баспасөз конференциясында түсіндірді.

«Біріншіден, біз азаматтардың өтініштерін талдап, бизнес-процесті жетілдіру және жүйенің жұмысын тұрақтандыру үшін бастапқы кодты қайта жаздық. Содан кейін оны eGov mobile-ға шығардық, енді телефон нөмірі мен ЖСН енгізудің қажеті жоқ, тек авторизациядан өтіп, QR-кодты сканерлеу қажет. Сондай - ақ, біз сервисті Екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларына шығару бойынша жұмыстар жүргіздік», - деді ол.

Қосымшаның ҰАТ АҚ сүйемелдеуіне көшуіне байланысты техникалық жұмыстар процесінде қосымша жұмысында іркілістер болғанын атап өткен жөн. Бүгінгі таңда жетілдіру және тұрақтандыру бойынша жұмыстар аяқталды және жүйеде іркілістер байқалмайды.

Қоғамдық орындарға кіру үшін азамат Ashyq көмегімен арнайы QR-кодты сканерлейді және қосымшада көрсетілген мәртебесін ұсынады. Мәртебелер 4 түспен белгіленеді:

- Жасыл - бұл келушінің ПТР-тестілеуі теріс нәтиже көрсетті;

- Көк - ПТР нәтижелері жоқ, байланыста болған адам ретінде саналмайды;

- Сары - науқаспен байланыста болған адам;

- Қызыл - COVID-19 тестінің нәтижесі оң.

Естеріңізге сала кетейік, елдегі коронавирстық жағдайға байланысты Ashyq eGov mobile қосымшасында қолжетімді болды. Әсіресе, кәсіп саласында міндеттеліп жатқан бұл бағдарлама QR-кодты сканерлеу арқылы да қызмет етіп жатыр. 

Сонымен ел азаматтарына кафе, кинотеатрлар, фитнес-клубтар және басқа да қоғамдық орындарға кіру үшін eGov mobile қосымшасының басты бетіндегі Ashyq белгішесін шертіп, мекемеге кіре берістегі QR-кодты сканерлеп, мәртебесін көрсету жеткілікті.

Айта кетейік, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларындағы, Қарағанды және Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы облыстары, кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізу бойынша пилотты өткізу туралы» қаулысы шеңберінде «Ashyq» пилоттық жобасын іске асыру басталды.

Бұл жоба кәсіпкерлік нысандарын: фитнес-клубтарды, спа-орталықтарды, сауналарды, бассейндерді, компьютерлік клубтар мен боулинг-клубтарды толық жабудың баламасы ретінде және олардың жұмыстарына шектеулерді ішінара алып тастау үшін  іске қосылды. Осылайша, Бизнес субъектісі - жобаға қатысушы қабылданып жатқан санитариялық шараларға қосымша бақылауды қамтамасыз етеді. Жобаның тағы бір артықшылығы-келушілер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өйткені барлық азаматтар қоғамдық орындарда өзін-өзі оқшаулау режимін сақтамайды және осылайша вирустың таралу қаупін тудырады.