13 сәу, 2026 сағат 15:43

eGov.kz-ке – 20 жыл: мемлекеттік қызметтердің 90%-ы онлайн

Фото: ашық дереккөз

eGov.kz порталы іске қосылғанына 20 жыл толды, деп хабарлайды Ult.kz.

Осы уақыт ішінде портал қарапайым ақпараттық сайттан толыққанды цифрлық экожүйеге айналып, бүгінде 15 млн-нан астам пайдаланушыға қызмет көрсетеді. Қазір 1300-ден астам мемлекеттік қызметтің шамамен 90%-ы онлайн қолжетімді.

Портал арқылы заңды тұлғаны 15 минутта тіркеу, баланың тууын онлайн рәсімдеу сияқты қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға болады. Ал eGov Mobile қосымшасы арқылы 111 млн-нан астам қызмет көрсетілген.

Қазақстанның электрондық үкіметі халықаралық деңгейде де жоғары бағаланып, БҰҰ рейтингінде 24-орынға ие болды.

Қазір жүйе жасанды интеллектке негізделген жаңа кезеңге өтіп, азаматтарға қызмет көрсетуді одан әрі жеңілдетуге бағытталған.