19 там, 2016 сағат 00:11

Екатерина Ларионова Олимпиаданың қола жүлдесін жеңіп алды

"Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында әйелдер арасында еркін күрестен 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Екатерина Ларионова қола жүлде үшін таласта қарсыласынан басым түсіп, Қазақстан құрамасы қоржынына тағы бір медаль салды", - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ларионова шешуші бәсекеде АҚШ балуаны Екатерина Пирожкованы жеңді.

Отандасымыз алғашқы белдесуінде 2016 жылғы Еуропа чемпионы беларус қызы Мария Мамашуктан 2:8 есебімен жеңіліп қалған болатын. Дегенмен ол Мамашуктың финалға шыққанына байланысты жұбаныш бәсекесіне ілікті. Ал, ол кездесуде швециялық Хенно Йохансонды ұтқан еді.

Айта кетейік, тағы бір қазақстандық балуан Гюзель Манюрова финалға шықты. Жерлесіміз алтын медаль үшін канадалық балуанмен кездеседі.

Ұлт порталы