09 қаң, 2023 сағат 12:02

Елдің басым бөлігінде аяз сақталады

Фото: centralasia.news

Синоптиктер 10-12 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Суық арктикалық ауамен толтырылған Солтүстік антициклоны Қазақстан аумағы арқылы оңтүстік өңірлерге қарай жылжуын жалғастырып жатыр. Осыған байланысты қатты аяз еліміздің көп бөлігінде сақталады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты қар жауады деп күтіліп отыр.

"Ауа температурасы батыста түнде 27-35, күндіз 15-25 аяз, республиканың оңтүстік-батысында түнде 12-23, күндіз 5-15 аяз, солтүстік-батыста және солтүстікте түнде 32-40 аяздан 20-30 аязға дейін, күндіз 27-35 аяздан 13-22-аязға дейін, орталықта негізгі фон түнде 35-40, өңірдің оңтүстігінде 25-30 аяз, күндіз 20-30 аяздан 15-26 аязға дейін, шығыста ауа температурасы түнде 20-33 аяздан 30-43 аязға дейін, күндіз 15-23 аяздан 23-33 аязға дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде 10-20 аяздан 20-31 аязға дейін, күндіз 8-16 аяздан 12-23 аязға дейін төмендеуі күтіледі", - делінген хабарламада.