16 шіл, 2021 сағат 13:21

Елімізде дала күні көшпелі көрмесі өтті

 


Елімізде дала күніне орай органикалық өндіріске арналған «JanaDala/GreenDay 2021» көшпелі көрмесі өтті. Ақмола облысы Ақкөл ауданы «Еңбек» ЖШС демонстрациялық алаңдарында ұйымдастырылған шараға аграрлық ғылым мен бизнес өкілдері қатысты, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ ұйымдастырып отыр.

«14-16 шілде аралығында өткен шара дала күні ауыл шаруашылығы саласындағы озық жетістіктерді көрсету, тәжірибе алмасу, отандық және шетелдік аграршылар арасындағы іскерлік байланыстарды дамыту алаңы болып табылады. Біздің ұйым ауылшаруашылығын дамыту мақсатында осындай игі шараларды жиі ұйымдастырады. Нәтижесін өздеріңіз көріп отырғандай, ауыл шарушалығы өнімдері айтарлықтай насихатталып отыр», - деді Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Айбын Төреханов.

Қазақстанда соңғы жылдары тұрақты түрде өтіп келе жатқан дала күні мерекесі той тойлап қана тарап кететін емес, ой ойласатын, ақылдасатын, келер жылға жоспар құру, кемшіліктерді сараптайтын күн. Осы дала күніне орай өтіп тұратын ауыл шаруашылығы көрмелерінің де маңызы зор. Өйткені, ол жерге өзгелердің ең үлкен жетістігі қойылады. Біреудің өзге ешкімде жоқ техника болуы мүмкін, біреудің елден ерекше бір тұқымы болуы мүмкін, міне, осындай нәрселерге қызығушылық білдірушілер бір бірінен оған қалай қол жеткізуге болатынын, қайдан алуға болатынын сұрап, шаруашылығын дамыта түсуге жаңа идеялар алып қайтады.

Көрме барысында «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ-ның еншілес компаниялары органикалық егіншілік және АӨК цифрландыру саласындағы жаңа әзірлемелермен таныстырды, дәнді, майлы және жемдік дақылдардың жаңа сорттарын көрсетті.

Шара ауылшаруашылық ғалымдарына фермерлердің шұғыл қажеттіліктері туралы білуге, ауылшаруашылық тауар өндірушілерден кері байланыс алуға және оларды соңғы ғылыми әзірлемелермен жақынырақ таныстыруға көмектеседі.

Сонымен қатар, аталған көрме барысында «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ-ның еншілес компаниялары органикалық егіншілік және АӨК цифрландыру саласындағы жаңа әзірлемелермен таныстырды, дәнді, майлы және жемдік дақылдардың жаңа сорттарын көрсетті.

Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы өнімділік пен сапаның жоғары әлеуеті бар дақылдардың қарқынды сорттарын ұсынды.

«Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының мамандары, жаңа өнімдердің нақты сипаттамаларын әзірге құпия сақтап отыр. Дегенмен, екеуі де қуаңшылыққа төзімді болатынын айтады. Селекционерлердің сөзінше, бұрын елімізде тек бидайдың сапасы мен өнімділігіне мән берілетін. Ал соңғы жылдары астықтың қуаңшылық пен табиғаттың түрлі құбылыстарына төзімді болғаны маңызды болып отыр», - деді астық шаруашылығы орталығының бөлім жетекшісі Ирина Ошергина.

Ал Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы дәнді және жарма дақылдарының сорттарын ұсынды, ал Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының ғалымдары Қазақстанның дәстүрлі дала аймағы үшін перспективті сорттарын ұсынды.

Көрме ауылшаруашылық ғалымдарына фермерлердің шұғыл қажеттіліктері туралы білуге, ауылшаруашылық тауар өндірушілерден кері байланыс алуға және оларды соңғы ғылыми әзірлемелермен жақынырақ таныстыруға көмектеседі.

Естеріңізге сала кетейік, Елімізде дала күніне орай органикалық өндіріске арналған «JanaDala/GreenDay 2021» көшпелі көрмесі өтті. Ақмола облысы Ақкөл ауданы «Еңбек» ЖШС демонстрациялық алаңдарында ұйымдастырылған шараға аграрлық ғылым мен бизнес өкілдері қатысты. «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ ұйымдастырып отыр.