17 сәу, 2023 сағат 17:34

Елімізде теледидар мен радио уақытша өшіріледі

Фото: elements.envato.com

Қазақстанда жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізу мақсатында телеарналар мен радиостанциялар хабар таратуды уақытша тоқтатады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Қазтелерадио" ұлттық операторына сілтеме жасап.

«Қазтелерадио» АҚ үздіксіз және сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Осыған байланысты, 2023 жылғы 21 cәуірде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлаймыз», - делінген хабарламада.