19 там, 2016 сағат 18:19

Ғалымжан Өсербаев жартылай финалға шықты

"Еркін күрестен Рио Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғап жатқан 74 келідегі балуанымыз Ғалымжан Өсербаев ширек финалда 2014 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жапон Сосукэ Такатанимен жолығып, жеңіске жетті", - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алғашқы үш минуттықта Күншығыс елінің балуаны екі ұпай еншілеген еді. Ал екінші кезеңде Өсербаев бірден төрт ұпай иемденді. Соның арқасында жартылай финалға жолдама алып отыр.

Айта кетейік, қазақ балуаны осының алдында 1/16 финалда молдавалық Евгений Недялконы, 1/8 финалда кубалық балуан Ливан Лопесті ұтқан болатын.

Ұлт порталы