Фото: Газета.ру
АҚШ Президенті Дональд Трамп әкімшілігі Гарвард университетін шетелдік студенттерді оқыту құқығынан айырды, деп хабарлайды Ult.kz.
Мұны АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрлігі мәлімдеді. Жоғарғы оқу орнының студент алмасу бағдарламасын жүргізу куәлігінінің күші жойылған.
Ал қазір оқып жатқан шетелдіктер басқа университетке ауысуы тиіс. Гарвардта былтыр 7 мыңға жуық шетел студенті оқыған. Бұл - осы университетте жалпы білім алушылардың 27,2 пайызы.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, Гарвард университетінде «Болашақ» бағдарламасымен 7 қазақстандық студент оқып жатыр. Министрлікте басқа бағдарламалар немесе өз қаражатына оқып жатқан студенттер туралы мәлімет жоқ.