11 қыр, 2016 сағат 00:30

Головкин бір түнде 4 келі салмақ жинаған

Бокстан WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) мен IBFнұсқасы бойынша әлем чемпионы, британдық Келл Брук (36-0, 25 КО) бір күннің ішінде салмақ қосып алған, деп жазады BAQ.kz тілшісі BoxingScene порталына сілтеме жасап.

Головкиннің салмағы бір түнде төрт келіге жуық артқан ((8,8 фунта - 3,9 келі). Қарсыласы Брук та дәл сондай салмақ қосқан (8,6 фунт). Нәтижесінде бүгінгі жекпе-жекте Головкиннің салмағы 167,8 фунт (76,1 келі), британдықтың салмағы 168 фунт (76,2 келі) болмақ.

Айта кетейік, кеше Геннадийдің салмағы 158,9 фунтты (72 келі 158 грам) көрсетсе, Келл Бруктың салмағы - 159,4 фунт (72 келі 302 грамм) болған еді.