04 қар, 2022 сағат 17:34

Илон Маск Twitter жұмысшыларын жаппай қысқарта бастады


Twitter әлеуметтік желісінің жаңа иесі, миллиардер Илон Маск компанияда жұмысшыларды жаппай қысқарту басталғанын хабарлады, - деп жазады Massaget.kz порталы Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Twitter компаниясының басшылығы қызметкерлерге қысқарту болатыны туралы ресми хабарламамен электрон хаттар жіберген. Шетелдік БАҚ сілтеме жасаған хабарлама мәтініне сәйкес, АҚШ-та жұмысшыларды қысқарту 4 қарашада жергілікті уақыт бойынша жұмыс күнінің басында басталған.

Қызметкерлер Twitter-де жұмыс істеуді жалғастыра ма, жоқ па көрсетілген электрон хаттар алған. Сонымен қатар, олардан кеңселерге келмеу сұралған, өйткені олар уақытша жабылады, ал жұмыс талондары уақытша тоқтатылған. Хатты оқымай кеңсеге келгендер қайтарылады, компания демалыс жариялаған.

"Бұл Twitter-ге құнды үлес қосқан бірқатар адамға әсер ететінін түсінеміз, бірақ, өкінішке қарай, бұл әрекет компанияның болашақтағы табысын қамтамасыз ету үшін қажет", - делінген электрон поштаға келген хаттарда.

Сонымен қатар, қызметкерлерге әлеуметтік желіде немесе баспасөзде "компания туралы құпия ақпаратты" жарияламау ескертілген.