15 нау, 2021 сағат 08:28

Иманбек Grammy-дегі жеңісінен кейін қуырдақ жасайтынын айтты

Иманбек Зейкенов "Грэммидегі" жеңісінен кейін Energy FM радиостанциясына тікелей эфирде сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ол радиожүргізушіге бірінші кезекте өзі туған Ақсуға барып, туыстарымен жеңісті тойлайтынын айтты.

"Әлі күнге дейін ой жиналған жоқ. Аралас эмоциялар мен сезімдер. Тек "уау". Бәрі кенеттен болды. Бастапқыда бізге рәсім уақыты айтылды, бірақ ол екі сағат бұрын өтетін болды. Кеңсеге бардық. Камераны қосып, тексердік. Күттік. (...) Жақындарымнан бірінші болып сүйіктім құттықтады. Содан кейін анама хабарластым", - деді Иманбек.

"Жеңісті қалай атап өтесің?" деген сұраққа жігіт бірден туған қаласына баратынын айтты.

"Бізде соғым сою дейтін дәстүр бар. Жылқы сойып, жақындарыммен бірге қуырдақ жасаймыз. Бір үстелге жиналып, тойлаймыз", - деді ол.

Айта кетейік, "Грэмми" басты музыкалық жүлдесінің 63-шарасы онлайн өтті. "Грэммиге" ұсынылған алғашқы қазақстандық Иманбек жеңімпаз атанды.

Оның нұсқасында трек хит болғанын және 20 аптадан астам уақыт қатарынан Billboard Hot 100 үздік ондығында тұрды. Ремикс Apple Music-тің топ-10-ға кірді, Shazam музыкалық қосымшасында 22 миллионнан астам қаралды, ұзақ уақыт бойы "Яндекс. Музыка" чартында бірінші орынға ие болды".

Танымал болғанға дейін Иманбек Павлодар облысында (Ақсу қаласы) теміржолшы болған. Музыканы өзі үйренген. Музыканттың айтуынша, теміржолдан кетіп, музыкамен айналысқанына көп болған. Өзі Ақсуда тұрып жатыр.