01 қаз, 2022 сағат 16:44

Интерпол вайнер Әзімжан Саидбаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді


Қазақстанның Интерпол Ұлттық орталық бюросы танымал вайнер Әзімжан Саидбаевтың Түркияда ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Poisia.kz-ге сілтеме жасап.

"Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдік бойынша іздеуде жүрген Әзімжан Саидбаевтың ұсталуы туралы шетелдік әріптестерден ресми ақпарат әлі түскен жоқ", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Әлеуметтік желілерде Әзімжан Саидбаевтың Түркияда ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған.

Еске салайық, қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген вайнер Әзімжан Саидбаевқа іздеу жарияланған болатын.