24 қыр, 2016 сағат 17:45

Иса Ақбербаев қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

"Иса Ақбербаев қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді. Бокс кеші "Хабар" телеарнасында көрсетілді", - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Бірінші орта салмақта IBO тұжырымы бойынша интерконтинентал чемпионы, Global Boxing Council тұжырымы бойынша әлем чемпионы Иса Ақбербаев (18-0, 13 КО) германиялық Майкл Курцвейлмен (17-7, 17 КО) жұдырықтасты. Бірінші раундта қазақстандық неміс спортшысын апперкотпен, кейін джебпен ұрып құлатты. Осылайша Ақбербаев 18-ші жекпе-жегінде 18-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Оның 13-ін уақытынан бұрын аяқтаған. 

Еске салайық, осыған дейін әйелдер арасында қазақстандық Фируза Шарипова екінші жеңіл салмақта сербиялық қарсыласы Милена Матовичті үшінші раундта нокаутпен жеңген болатын. Қазақстандық боксшы қыз кәсіпқой бокста осымен екінші жеңісін тойлап отыр, сонымен қатар ол бір рет жеңіліс тапқан.