03 мау, 2022 сағат 11:53

Қарин: Реформалардың ең басты маңызы – саяси институттар арасында тепе-теңдік орнату


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Ата Заңымызға қандай өзгерістер енгізілетінін айтып, оның ел дамуындағы маңызын түсіндірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" referendum2022.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

«Конституциялық реформалардың ең басты маңызы – саяси институттар арасындағы қарым-қатынасқа оптималды баланс орнату. Мысалы, Парламенттің статусын арттыру, Есеп комитетінің Жоғарғы аудиторлық палата болып өзгертілуі. Палата төрағасы жылына 2 рет Парламент алдында есеп береді. Бұл бюджеттің игерілуін қадағалау функциясын күшейтуге бағытталған», - дейді Ерлан Қарин.

Сондай-ақ Мемлекеттік хатшы Конституциялық соттың атқаратын қызметін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Конституциялық сотқа кез келген азамат шағымдана алады. Адам құқықтарына ие уәкіл конституциялық статусқа ие. Ол қандай да бір мемлекеттік органға тәуелді болмайды. 

Сөз соңында Мемлекеттік хатшы қазақстандықтарды референдумға белсене қатысуға шақырды.