26 нау, 2024 сағат 12:04

Қасиетті Рамазан айында қалай ауыр қылмыс жасауға қолдары барады — Владимир Путин

Ресей президенті Владимир Путин Мәскеу маңындағы «Крокус Сити Холлға» жасалған шабуылды Украинамен байланыстырды.

Путин террорлық шабуылды кім жасағанын білетінін, алайда тапсырыс берушіні анықтау керектігін айтты.

Сондай-ақ, теракт жасаған лаңкестердің неліктен Украинаға кетуге тырысқаны әлі анықталуда. Киев терроризмнің демеушісі болып көрінгісі келмейді, бірақ оған сұрақтар көп, деп мәлімдеді Владимир Путин.

"Ресейге және оның халқына қарсы бұл зұлымдық кімнің қолымен жасалғанын білеміз. Бізге тапсырыс берушінің кім екені қызықтырады. Біздің арнайы қызметтер мен құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысы барысында бірқатар жұмыстарға жауап алу қажет. Мысалы, бүгінде шиеленіскен Таяу Шығыс қақтығысын әділ шешуді жақтайтын радикалды және тіпті террористік және исламдық ұйымдар Ресейге соққы беруге шынымен де мүдделі ме? Өздерін адал мұсылман ретінде көрсететін таза исламды ұстанатын радикалды исламистер барлық мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында қалай ғана мұндай ауыр қатігездікпен қылмыс жасауға қолдары барады?", - деді Ресей президенті.