Сурет: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалуына байланысты бұл террорлық әрекетті қатаң айыптайтынын және мұндай қараулықты мүлде ақтауға болмайтынын мәлімдеді.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан мен Словакияны ұзақ жылғы достық пен өзара тиімді ынтымақтастық қатынастар байланыстырады. Бұл игілікті істе Премьер-министр Роберт Фицо елеулі рөл атқарды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Роберт Фицоның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Еске салайық, кеше Словакияның премьер-министрі Роберт Фикоға қастандық жасалды.
Қастандық Р.Фикоға Словакияның Гандлов қаласында үкіметтің көшпелі отырысы өткеннен кейін халық алдына шыққан кезде жасалды.
Жергілікті БАҚ оқиға орнынан түсірілген видео таратты. Онда төрт рет оқ атылып, Р. Фиконың жерге құлағаны көрсетілген. Қауіпсіздік қызметкерлері премьер-министрді шұғыл түрде ауруханаға жеткізді.
Кеуде мен іш қуысынан екі жарақат алғаны туралы алдын ала мәлімет бар.