21 қаз, 2022 сағат 20:29

Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау штабы үгіт-насихат жұмысын бастады


Бүгін 21 қазан сағат 18.00-де ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб еліміздің барлық өңірінде үгіт-насихат науқанын бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" .

"Республикалық қоғамдық штабқа 3 парламенттік саяси партиядан және 22 республикалық қоғамдық ұйымнан тұратын Халықтық коалицияның өкілдері кірді.

Бүгін Халықтық коалицияның белсенділері еліміздің барлық өңірінде үгіт-насихат баспа өнімдерін тарату және ақпараттық материалдарды БАҚ пен әлеуметтік желілерге жариялауды бастады.

Ертең Республикалық қоғамдық штабтың алғашқы отырысы өтеді. Сонымен қатар, келесі аптадан бастап РҚШ мүшелері сайлаушылармен кездесу үшін аймақтарға барады" - делінген хабарламада.


Сондай-ақ, кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб әлеуметтік желілерде жеке парақшалар ашты. Онда штабтың іс-шаралары, сайлаушылармен кездесулер туралы барлық ақпарат және өзге де үгіт-насихат материалдары жарияланады: 

https://www.instagram.com/toqaev2022/

https://www.facebook.com/Toqaev2022

https://twitter.com/Toqaev2022

https://t.me/toqaev2022

www.tiktok.com/@toqaev22

https://www.youtube.com/channel/UCFSxyV97uoGMR4ztETM66vw