14 жел, 2018 сағат 09:51

Қайрат (деректі фильм)

Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков туралы деректі фильм. 

Еркек тоқты құрбандық, атам десеңдер атыңдар!» Бұл барлық қазақ жастары жатқа білетін, Қайраттың өзі әділетсіздіктің алдында қасқайып тұрып айтқан ақиқаты. Екі жылға созылған тергеу, жазықсыз жабылған күнә қазақтың ұлын мойыта алмады. Қайрат өзінің ақ және адал екенін білді. Алайда «Кеңес Үкіметі» атты дегенін істетпей қоймайтын алып механизм қалайда қазақ рухын тізеге салып жаншып тастауға тырысып бақты. Ол ойлары Қайратты ату жазасына кесу арқылы іске асырды.

Бұл бейне -деректерді қазақ көрермені көптен күтті. Қайратқа арналған деректі фильм заман ағымына байланысты сұранып тұрды. Бағымызға орай, ол арманыз да орындалды. Алматы арнасының ұжымы «Қайрат» туралы киноны түсіріп, халықтың назарына ұсынды. Көрермен кино көріп көзайым болса, актерлар ұлтымыздаң батыр ұлдарын сомдап ерлік жасады.