11 там, 2016 сағат 23:53

Қайрат Ералиев әлем чемпионын ұтты

"Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында бокстан 56 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақ боксшысы Қайрат Ералиев алғашқы жекпе-жегінде Әлем чемпионы, әзірбайжандық Джавид Челебиевты жеңді", - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі.

Үш раундта да қазақ боксшысы қарсыласынан бір бас жоғары өнер көрсетті. Нәтижесінде төрешілер жеңісті бірауыздан Қайратқа берді. Қорытынды есеп – 3:0. Кездесу жерлесіміздің пайдасына шешілді. Осылайша, Қайрат 2013 жылғы Алматыдағы әлем чемпионатында кеткен есесін қайтарды. Онда Джавид Челебиев жерлесімізді финалда жеңіп, әлем чемпионы атанған.

Біздің анықтама:

Туған күні: 08.05.1988

Салмағы: 56 келі

Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы

Бапкері: Мырзағали Айтжанов

Жетістіктері: Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2013), 
Халықаралық «GeeBee» турнирінің жеңімпазы (2014), 
Әскери қызметкерлер арасындағы әлем чемпионы (2014), Қазақстан Президенті Кубогі» IV Халықаралық турнирінің жеңмпазы (2014), 
Азия ойындарының қола жүлдегер (2014). 
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері