14 қар, 2025 сағат 17:32

"Қайрат Нұртасты емдету керек": Медеу Арынбаев күтпеген мәлімдеме жасады

Фото: Caravan.kz

Танымал әнші Медеу Арынбаев Қайрат Нұртастың шығармашылығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ult.kz.

Сұхбат барысында өнер иесі інісіне ағалық ақылын айтты.

«Қайратқа демалу керек. Ән айта алмайтын болсаң, халық мұнша көтермелемейтін еді ғой. Халық айтса, қалып айтпайды ғой.
Ол ырғақты сезу, өзінің ыңырсу мәнерін тауып алған. Ол қобыздың дауысы, біздің жанымызға жақын элементтер.
Ол фониатрға бару керек, дауысты емдету керек. Ол қанша еңбек. Біз сияқты айына, аптасына бір рет шықпайды ол. Ол күнара жол жүреді, күнара той-домалақта жұлып жеп жатады.
Ол оңай дүние емес, ол сақтануды талап етеді», — деді әнші.