25 мау, 2021 сағат 18:53

Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясында Тәуелсіздіктің болашағы талқыланды



Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясы өтті. Қала әкімдігі мен Достық үйі ұйымдастырған сессия отырысы «Тәуелсіздік. Бірлік. Гүлдену» тақырыбында өткізіліді, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Нұр-Сұлтан қаласы аудандарының әкімдері, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің басқарма басшылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, елорда этнмәдени бірлестіктерінің жетекшілері мен үкіметтік емес ұйым өкілдері, тағы басқа да маңызды құрылымдар басшылары қатысқан жиында осы уақыт аралығына дейін атқарылған міндеттер кеңінен қамтылып, келешектегі атқарылуы тиіс міндеттер сараланды.

Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессияотырысына Нұр-Сұлтан қаласының әкімі, Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Алтай Сейдірұлы Көлгінов, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Алмасұлы Әзілханов қатысты.

«Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылында елімізде орасан істер жүзеге асырылып, әлеуметтік-экономикалық дамуымыз еселенді. Бұл ретте Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының үлесі елеулі екенін зор ілтипатпен айтамыз. Жалпы айтқанда, еліміздегі тұрақтылықтың орнығуына, ынтымақ, бірлік пен берекенің қалыпты тыныш жағдайында нығаюына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі ұшан-теңіз. Осы озық даму жолы сабақтастығын сәтті жалғастырып келе жатқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың да орасан үлесін лайықты атап өткен жөн», - деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясын өткізумен құттықтаған Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов қала әкіміне жан-жақты көмегі мен қолдауы үшін алғыс білдірді.

«Есептік кезеңде астаналық Ассамблея және оның Хатшылығымен бірлескен үлкен жұмыс атқарылды. Өзіңіздің жұмысқа атсалысуыңыз бен қатысуыңыз арқасында астанамыздың Ассамблеясы бас қалада және Республикамызда бейбітшілік пен бірлікті дамытуға бағытталған тиімді жұмыстың жарқын мысалы болып отыр. Біз Нұр-Сұлтан қаласының этномәдени бірлестіктерінің жетекшілерімен әрдайым ерекше ықыласпен жүздесіп келеміз. Сіздер өңірлерге үлгі болатындай қоғамдық келісім мен бірлікті күшейту мақсатында қызмет етіп келе жатырсыз», - деді Марат Әзілханов.

Аталған сессия отырысы алдында Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы қамтылған бейнекөрініс көпшілік назарына ұсынылды. Одан әрі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Одан әрі Нұр-Сұлтан қаласы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері өз қызметтеріне қатысты атқарылған жұмыстарды баяндады. Сонымен бірге, Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА XIX сессиясының Үндеуі жарияланды.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстан халқы өңірлік ассамблеялары үшін үлгілік модель ретінде Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқының Ассамблеясын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы бекітіліп, іске асырылуда.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясы өтті. Қала әкімдігі мен Достық үйі ұйымдастырған сессия отырысы «Тәуелсіздік. Бірлік. Гүлдену» тақырыбында өткізіліді. Нұр-Сұлтан қаласы аудандарының әкімдері, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің басқарма басшылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, елорда этнмәдени бірлестіктерінің жетекшілері мен үкіметтік емес ұйым өкілдері, тағы басқа да маңызды құрылымдар басшылары қатысқан жиында осы уақыт аралығына дейін атқарылған міндеттер кеңінен қамтылып, келешектегі атқарылуы тиіс міндеттер сараланды.