20 қар, 2022 сағат 23:11

Қазақстан қоғамының сайлау құқығы деңгейі айтарлықтай өсті – құқықтанушы


Қазақстандық құқықтанушы-ғалым Еркін Оңғарбаев президент сайлауындағы халықтың белсенділігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Менің ойымша, Қазақстанда сайлау құқығы деңгейі айтарлықтай өсті. Халықтың белсенділігі жоғары, әсіресе референдум кезінде бұған куә болған едік. Бұл жолы да қоғамның сайлауды әділ өткізуге деген сұранысы жоғары болды. Бұл түпкі нәтижеге әсер етеді. Бүгінде көптеген мәселе шешімін тауып жатыр. Қаңтар оқиғасынан кейін Конституцияға бірқатар өзгеріс енгізілді. Біз қазір адам құқығын қорғау функциясының артып келе жатқанын, Конституциялық соттың құрылғанын, құқықтық қорғаудың жоғары деңгейін, адам құқықтары жөніндегі Конституциялық заңның үстемдігін көріп отырмыз. Мұның бәрі бізде азаматтың құқықтары мен бостандықтарының өте жоғары қорғалуына ықпал етеді», - деді Еркін Оңғарбаев Jibek Joly телеарнасындағы сайлау тақырыбына арналған ток-шоуда.

Оның айтуынша, жер қойнауы байлығының халыққа тиесілі болуы - маңызды реформа.

«Біз жоғарыда аталған мәселені бірнеше рет талқылап, оның іске асатынын айттық. Еліміздің болашағы - өскелең ұрпақ табысқа ие болмақ. Бұл да - ауқымды шаруа. Халықтың әл-ауқаты көптеген елдердегідей, соның ішінде араб елдеріндегідей өсетініне күмәнім жоқ. Кіріс көбейіп, азаматтарымыз жер қойнауындағы пайдалы қазбалардан табыс табады. Алайда, негізгі сұраныс - әлеуметтік әділеттілік пен олигархиямен күреске қатысты. Егер әділет салтанат құрып, шетелдегі қаржы қайтарылса, менің ойымша, қоғам оны қуана қабылдайды. Егер қоғамның үміті ақталса, болашақта сайлаушылардың тұлғаларды қолдауы артады деп ойлаймын», - дейді ол.