Фото: ашық дереккөз
Қазақстанның мемлекеттік туы әлемдегі ең әдемі ұлттық тулар рейтингінде бірінші орын алды, деп хабарлайды Ult.kz.
World of Statistics парақшасында жарияланған мәліметке сәйкес, Reddit қауымдастығы ұйымдастырған ұлттық тулар турнирінің қорытындысы бойынша Қазақстанның туы ең әдемі ту деп танылған.
Рейтингте екінші орын Кирибати мемлекетінің туына берілсе, үшінші орын Бутанның туына бұйырған.
Айта кетейік, Қазақстанның мемлекеттік туы 1992 жылы қабылданған. Оның авторы – суретші Шәкен Ниязбеков. Тудағы көгілдір түс бейбітшілік пен бірлікті білдірсе, алтын түсті күн мен қыран құс еркіндік пен болашаққа ұмтылысты бейнелейді.
