Фото: ашық дереккөз
2026 жылғы 2 мамырда Жетісу облысында Сиверс алма ағашының гүлдеуіне арналған ауқымды фестиваль өтеді. Іс-шара Жетісу Алатауының баурайында, «Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» аумағында ұйымдастырылады, деп хабарлайды Ult.kz.
Фестиваль ҚР Туризм және спорт министрлігі бекіткен 2026 жылға арналған туристік іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген. Іс-шара оқиғалық туризмді дамытуға және елдің мәдени имиджін нығайтуға бағытталған.
Сиверс алмасы – қазіргі барлық мәдени алма сұрыптарының арғы тегі. Оның гүлдеу кезеңінде тау бөктерлері ақ-қызғылт реңктерге боялып, ерекше табиғи көрініс қалыптастырады. Бұл өз кезегінде экологиялық туризмді дамытуға қолайлы жағдай жасайды.
Фестиваль аясында мазмұнды бағдарлама ұсынылады:
- - гүлдеген алма бақтарының панорамалық көріністері;
- - пленэр форматындағы көркемсурет байқауы;
- - хедлайнерлердің қатысуымен мәдени-ойын-сауық бағдарламасы;
- - ұлттық спорт ойындары;
- қолөнершілер жәрмеңкесі мен шеберлік сағаттары.
Фестивальді өткізу өңірдің табиғи және мәдени мұрасын кеңінен танытуға, сондай-ақ оның туристік тартымдылығын ұлттық және халықаралық деңгейде арттыруға ықпал етеді.
Өтетін орны: Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Тополевка ауылы
Күні: 2026 жылғы 2 мамыр
Жетісу өңірі тұрғындар мен қонақтарды осы бірегей табиғи құбылысты тамашалап, жергілікті экожүйенің байлығын жақыннан тануға шақырады.
