Фото: Газета.ru
Қазақстанда жоғары сапалы интернет желісін кеңейту жоспарлары туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.
Министрлік ұсынған мәліметке сәйкес, Kuiper (Amazon) интернеті елімізде 2027 жылы қолжетімді болмақ. Бұл ақпаратты министрліктің баспасөз қызметі де растады.
«Өткен жылдың қыркүйегінде министрлік Kuiper (Amazon) компаниясымен спутниктік байланыс қызметін дамыту жөнінде меморандумға қол қойған. Қазір дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Еске сала кетейік, биыл тамыз айында Starlink Қазақстанда ресми түрде іске қосылды.
