22 жел, 2022 сағат 14:44

Қазақстанда кең тараған фамилиялар аталды

pkzsk.info

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда қандай фамилия жиі кездесетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.

"Қазақстанда Ахметов (а) тегі ең көп тараған. 66 091 адамда бар. Рейтингтің екінші қатарындағы фамилия Серік - 45 193 адамда. Омаров (а) - үшінші орында. Қазақстанда бұл фамилиямен 40 322 адам тұрады. Төртінші орында Оспанов (а) – 36 142 адам. Ең көп таралған 5 фамилияны Әлиев (а) қорытындылайды. Қазақстанда 35 387 адам бар", - делінген хабарламада.

Ресми деректерге сүйенсек, одан кейін жиі кездесетін фамилиялар – Ким – 34 811, Сүлейменов (а) – 29 988, Марат – 28 008, Амангелді – 27 297, Болат – 24 542.