12 сәу, 2024 сағат 16:07

Қазақстанда заңсыз жүрген Африка азаматтары елден шығарылды


Фото: Polisia.kz


Қазақстанда заңсыз жүрген Африка азаматтары елден шығарылды, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Алматылық көші-қон қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталған Африка құрлығы елдерінің 15 азаматы елден шығарылды.


 – Аталған шетелдіктер біздің елде болған кезінде халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзған, атап айтқанда, заңда белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпай, сот қаулысымен мемлекетімізден шығару түріндегі әкімшілік жазаға тартылды. Ол бірнеше кезеңмен өтеді, – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.