30 қаң, 2024 сағат 11:14

Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады

© Photo: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қазақстанда запастағы офицерлер екі жыл мерзімге әскери қызметке шақырылады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет қаулысына қол қойды.

"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес, офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2024 жылы жиырма төрт ай мерзімге әскери қызметке шақырылсын", - делінген қаулыда.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.