Фото: ozgeris.info
Танымал продюсер Баян Алагөзова мен оның қызы Айсәуле Бақытбек шоу-бизнес өкілдерінің “green flag” деп саналатын ер азаматтарын атады, деп жазады Ult.kz.
Айсәуле Бақытбек анасы Баян Алагөзовамен Youtobe-та сұхбат жүргізіп, қазақстандық шоу-бизнес саласында үлгі тұтарлық, үйлесімді деп бағаланған «green flag» жұптардың тізімін құрастырды. Олар шоу-бизнестің ішкі ортасын жетік білетін, көптеген әртістермен жеке таныс болғандықтан, екеуінің пікірі көпшіліктің назарын бұрды.
Айсәуле мен Баян танымал тележүргізуші Тимур Балымбетов және оның әйелі Лаура, Ninety One тобының әншісі ALEM мен жары Вероника, журналист Серік Әкішев және Гаухар , Ақан Сатаев пен жұбайы Альмираны жарасымды жұп және “green flag” деп атады.
Сондай-ақ, Баян Алагөзова Сәкен Майғазиевті жарымен үйлесімді деп санайтынын айтты.
Тізім соңында олар өз жұптарын да “green flag” деп санайтындарын айтып, Баян мен Тұрсын, Айсәуле мен Алишер жұптары да “green flag” ретінде аталды.
